Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шыңда қалғандар

c 17:20, 20/08/2019 c 466

0:00 / 0:00

Қырғыз тауларында жоғалған қазақстандық альпинистер әлі табылған жоқ. Күні кеше іздеуге шыққан құтқарушы тобы тау шыңына көтеріле алмаған. Бүгін құтқарушы топ қайта жасақталып, альпинистреді іздеу жұмысы жалғасуда. Бұл жайында бүгін Үкімет дәлізінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Еске сала кетейік, 15 тамыз күні қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойғаны туралы ақпарат тарағанды. Олардың бірі -Александр Чечулин өкпесі қабынып, көз жұмғаны туралы мәлімет те бар.

Күні кеше Қырғыз жағындағы тауларда  жоғалған альпинистерді құтақру жұмысы күшейтілген болатын. Алайда, бас полицей  Қазақстаннан барған құтқару тікұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қажетті биіктікке көтеріле алмағанын хабарлады. Қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару жұмысы бүгін қайта жанданды дейді министр.

Ерлан ТұрғымбаевҚР ішікі істер министрі

«Альнинистерді құтқаруға барған құтақрушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қажетті биіктікке көтеріле алмаған.  Жеңіс шыңы Қырғызстан аумағында орналасқандықтан, кеше құтқару тобы құрылды. Қырғыз шекарашыларынан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алынды.Бүгін жергілікті уақытпен сағат 10-да құтқару операциясы жанданады. Тәжірибелі құтқарушылар сол жерде жүр. Тікұшақ таулы аймаққа бейімделген".

Министрдің айтуынша, теңіз деңгейінен 6 мың метр биіктікке ешбір әуе кемесі көтеріле алмайды. Бір өкішінтісі құтқару тобында альпинистердің нақты қайда екені туралы мәлімет жоқ. Сондықтан да  құтқару операциясы қиындап жатыр. Еске сала кетсек, 15 тамызда қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойды. Өкінішке орай, Александр Чечулин өкпесі қабынып, көз жұмған деген ақпарат бар.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маралды көліндегі жаппай төбелестің мән-жайына қатысты түсінік берді. Даудың басы сол көлдегі шаяндарды аулаудан басталған.  Мнистрдің айтуынша, маңайдағы ауыл тұрғындары арнайы рұқсатсыз балық пен шаян аулауға тырысқан.

"Маралды ауылында  күзет фирмасы пен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туған. Негізі шаяндарды аулауға квота белгіленген. Браконьерлер ауламас үшін және табиғатқа көп зиян келтірмес үшін арнайы квота бар. Алайда жергілікті тұрғындар шаяндарды квотасыз аулағандықтан, кәсіпкер көлді күзететін фирма жалдаған"

Осының салдарынан туындаған жанжал соңы,  жаппай төбелеске ұласып, травматикалық қару да қолданылған. Бес адам жарақат алып, дәрігерге жүгінді. Бас полицей қазір ол жерде полициясы жасағы күшейтілгенін айтады.  Маралды көлінде орын алған оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.