Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Штаб отырысы өтті

c 18:15, 12/01/2021 c 442

0:00 / 0:00

Жаңа жылдың он күнінде БҚО-да коронавирусты 401 адам жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев штаб отырысында мәлімдеді. Санитарлық дәрігер жағдайдың мәз емес екенін айтады.

Жұқпалы індеттің таралуына тойтарыс беруге арналған жиын Арысбаев мырзаның баяндамасымен басталды. Бас санитарлық дәрігер жаңа жылдың он күнінде жұқпалы вирус 410 адамда табылғанын мәлімдеді. Тіркелген фактілерді жіпке тізген Арыспаев мырза: "Жұқпалы індеттің артуына мереке күндері адамдардың бір-біріне қонаққа барып, мерекелік кештер ұйымдастырып, демалыс күндері қоғамдық көлікпен қатынауы себеп",- дейді.

Жақында жалақысын 50 пайызға көтеру үшін аштық жариялаған Бонатти компаниясынының қызметкерлері арасында да коронавирусты жұқтырғандар анықталуда.

Штаб отырысында коронавирустан жазылған жандарды оңалту және індетке қарсы вакцинация мәселесі де сөз болды. Мамандар ақпанның аяғынан бастап батысқазақстандықтарға ресейдің "Спутник V" екпесін салуды жоспарлап отыр.

Жиында сөз алған шаһар басшысы мониторингтік топтардың жұмысына тоқталды. Желтоқсанда 68 ереже бұзған факті анықталса, қаңтарда 4 дерек тіркелген.

Қазіргі таңда БҚО коронавирустың таралу деңгейі бойынша сары аймақта тұр. Мамандар жағдайды 15-ші қаңтарға дейін бақылайтынын айтады. Егер көрсеткіш деңгейі артатын болса, мамандар шектеу шараларын қолданамыз дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.