Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шекарадағы сақтық шаралары

c 17:37, 25/03/2020 c 554

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы 5 шекара бекетінде карантиндік пункт тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар Ресейдің Самара, Орынбор, Саратов қалалары мен Шаған және Жәнібектегі пункттер. Кедендік бекеттер стационарлық және жылжымалы жылу өлшегіш қондырғылармен, арнайы киімдерімен және өзге де қорғаныш құралдармен қамтылған. Әр шекара бекетінде медкабинеттер мен қызуы көтерілген сырқаттарды оқшаулауға арналған бөлмелер жабдықталды.Аталған бекеттен өңірімізге келушілерді қатаң тексеруден өткізетін арнайы орын жабдықталған. Ол жерде мамандар шекарадан өткен адамдардың денсаулығына қатаң бақылау жасайды. Оларға белгіленген үлгідегі жадынама толтырылып, қызулары өлшенеді.Егер да транзиттік 1А мен 1Б категориялы елдерден келе жатқан жүк тасымалымен жүрген жүргізушілер болса, бәріне сауалнама жасайды, қызуын өлшейді. Егер де қызуы болса, жедел жәрдем келгенше уақытша изоляторға салынады. Бүкіл жұмыстар коронавирус жұқпасын аймаққа кіргізбеу үшін жүріп жатыр. Карантиндік пункттер күндіз-түні жұмыс істеуде. Бақылау жұмыстары күшейтілген.
Шекара бекетінде болған өңір басшысы короновирус дертінің алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Ал кеден қызметкерлерінің айтуынша, бұл бекеттен Ресей елінен күніне 500 шақты жүк машинасы кіретін болса, дәл сондай көлемдегі көлік ел аумағынан шығады екен.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.