Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатырдан қар құлаған

c 17:45, 25/01/2021 c 465

0:00 / 0:00

Орал қаласында көпқабатты үйдің төбесінде жиналған қар кесегі баланың үстіне құлады. Оқиға 24-қаңтар күні 5-шағынаудандағы 7-ші үй жанында болған. Абырой болғанда бала дін аман. Күндіз мұз аралас қар кесегі ойнап жүрген балалардың үстіне құлап кеткен. Кесек қар орындықта отырған баланың үстіне түсіпті. Оны жедел жәрдем алып кеткен. Қар сондай-ақ жолда тұрған автокөлікке де тиген. Инстаграммдағы видеода көрсетілгендей 5-ші шағынаудандағы көп қабатты үйлерде қыс маусымында қажетті күтім шаралары жүргізілмей отыр.Орал қалалық әкімдігінің мамандарының айтуынша, 5-ші шағынаудандағы 7-ші үйді күтіп-баптауға «Еділ Жайық» ПИК жауапты. Бұдан бөлек аталмыш ПИК қарамағында тағы 14 үй бар. Олар осы маусымда шатырдағы қар мен мұз сүңгілерін уақытында тазартуға міндетті. Мониторингтік топ маусым басталғалы ПИК-не түсіндірме шараларын жүргізген.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай балаға көмек қажеттігі туралы хабарлама жедел жәрдем қызметіне 16:35-те түскен. Оның жағдайы орташа ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жетікізілген. Қажетті медициналық көмек көрсетіліпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.