Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаруалар назы

c 18:41, 20/01/2020 c 521

0:00 / 0:00

Мал бағып, жан сақтап отырған ауылдықтарға қиянат жасалып отыр. Еліміздің шаруалары тірі малдың етін экспорттауға тиым салуға  қарсылық білдіруде. Бұл жайында бүгін елордада өткен Ет Одағының жиынында айтылды.  Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малды экспорттауға тыйым салғанды. Себебі, тірі малды жаппай сыртқа шығару ел ішінде ет өнімдерінің қымбаттауына негіз болып отыр деп мәлімдеді министрлік.Алайда, мал шаруашылығымен айналысып  жатқан шаруалар малды сойып сатсақ 30 пайызға желінеміз деп отыр. Шаруалардың назы жайында толығырақ тілші бейнематериалынан.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстаннан шетелге 160 мың бас ірі қара мал шығарылды. Басым бөлігі Өзбекстан мен Арменияға экспортталған. Қойға да сұраныс өскен. 264 мың қой  Ресей, Әзібайжан, Өзбекістан және Иран елдеріне тасымалданған. Экспорттың әлеуеті өсіп, мал өсіріп отырған шаруалардың табысы көбейгенімен, тірі малды жаппай сыртқа тасымалдау ел ішінде ет өнімдеріне бағаның өсуіне негіз болып отыр. Онымен қоса, қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының  өндіріс төмендеп қалған. Яғни шикізат тапшылығ орын алған. Сол себепті ауыл шарушалықы министрлігі тірі малды экспортатуға тиым салып отыр. Бірақ бұл тиым шаруалардың наразылығын тудырды. Елордада бас қосқан ет одағының мүшелері, малмен жан бағып отырған ауылдықтарға қиянат жасалып отыр деп даурықты.

Батыс қазақстандық шаруалар үшін тиіп тұрған көрші  Ресейге бордақылап отырған малын тірідей экспорттау мол пайда беріп отырғанды. Енді министрліктің тиымы, олардың жұмысын тежеп отыр.

Бүгінде министрліктің өз жоспары бар. Ел ішінде шикізат тапшылығын жойып,  2021 жылға дейін қайта өңделген ет өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыру міндеті тұр.  Ол үшін алдағы жылдары мал басын сақтап  ұлғайту, отандық ет комбинаттарын тиімді бағадағы сапалы шикізатпен қамтамасыз ету және дайын өңделген өнімнің өндірісі мен экспортын арттыру қажет. Ол үшін шарулар5а жайылым жер керек. Бүгінде  44 млн гектар жайылым жер пайдаланылмай құр жатыр. Жерді басып алған латифундистерден оны кері қайтарып алу керек дейді қоғамдық белсенділер.

Шаруадан базар сөресіне жеткенше ет бағасы екі есеге шарықтайды. Биылдың өзінде қазақстандықтарға соғым қымбатқа түсіп жатыр. Базарларда жылқы етінің бір келісі 2500 тг жетіп жығылса, сиырдың етін  2200,қой етінің келісін  2000 теңгеден сатып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.