Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаһарымызда халықаралық жастар күні тойланды

c 18:22, 15/08/2019 c 838

0:00 / 0:00

Халықаралық жастар күніне арналған "Jasstar" мерекелік шарасына жиналған жастардың да қарасы қалың. Кешкілік шаһар аспанын шарлаған әсем ән мен мың бұралған би, күмбірлеген күй жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жастар - қоғамның қозғаушы күші, еліміздің үкіліген үміті. Асқақ рухты жастар қашанда болашағы зор Қазақстанның сенім артар азаматтары десек қателеспейміз.Сол себепті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында "2019 жыл - Жастар жылы" деп жариялаған болатын. Жастар жылы аясында «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастарды жатақханамен қамту" сынды бағдарлы бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.

 

Көңілді кеш арнайы қонақ болып келген жерлестеріміз "Райм мен Артур" дуэті өз өнерлерін көрсетіп, жиналған жұртшылық жастар шарасынан көңілді тарады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.