Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шағым көп, шара жоқ

c 09:18, 07/08/2019 c 762

Кердері көшесіндегі №143 үй тұрғындарының шағымы шаш етектен. Үй иелерінің сөзінше, біраз жыл бұрын пәтер иелері копперативіне жаңа төрайым тағайындалып, содан бері басындағы баспаналарының берекесі қашып, үйлерінің күйі кеткен. Тұрғындар арызын атап өтсек, баспана сыртының сиқы кетіп, қандала қаптаған. Ал қыс маусымында жертөлелері суға толып кетеді.

"Бұл үйде 8 кіреберіс бар. Жылда 8 кіребірстің 3 жертөлесі суға толып кетеді. Құбыр ескі, еш жаңаланбаған. Қандала қаптап тұр. Үй-үйге кіріп, баларды шағып жатыр. Мәселе шаш етектен", - деп ашынады сол баспананың тұрғыны Галина Халина.

Соңғы 10 жылда шатырына бір шеге қағылмаған, қыбырғасына қалақ сылақ жағылмаған баспана жағдайымен пәтер иелері кооперативі жақсы таныс. Алайда, жөңдеуге асығар емес, - деген тұрғындар қаражатты өз қалталарынан шығарып, баспананың шұрық тесігін шамалары келгенше жаңалап, жамаған.

"Біздің жертөледе жағымсыз иістер шыға бастады. Тозығы жеткен құбырларды ауыстыру керек. Баспанаға жауапты пәтер иелері кооперативіне жағдайды айтып келеміз, бізге құлақ асудан қалды", - дейді тұрғын Ирина Егорова.

Тұрғын үй қорының қызмет көрсету саласында пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты бірқатар мәселелер жеткілікті. ПИК-тері жұмыс істейді, бірақ көбінің қызметіне азаматтардың көңілі толмайды. Бұл үйреншікті жағдай, - дейді мәселеге себепкер "Механик" ПИК төрайымы Татьяна Петровна. Аталған мекеме тұрғын үй кіреберісіндегі жөңдеу жұмыстары мен жөртөле жағдайына жауапты еместіктерін айтып, бастарын ала қашты. Кооператив міндетіне тек үй-үйге су мен жылудың уақытылы берілуі жатса керек.

  "Кердері көшесіндегі 143- үйдің барлық жағдайымен хабардармын. Дегенмен, ПИК қызметіне ай сайын төленетін төлемақы мәселенің жыртығын жамауға келмейді. Барлық ПИК қызметі үшін бірыңғай төлем жүйесі болуы керек.Сонда ғана тұрғындардан мұндай мәселе туындамас еді" , - дейді "Механик" ПИК төрайымы Татьяна Лукина.

Қазіргі таңда арнамызға шағымданған тұрғындардың 30 пайызы ПИК қызметіне қарыздар көрінеді. Ал, кооператив жетекшісін ауыстыру тұрғындардың өз қолында. Оны жалпы жиында барлығы бірауыздан шешуіне болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.