Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сеніммен сергелдеңге

c 17:47, 10/12/2019 c 1394

0:00 / 0:00

"Жусан" операциясымен БҚО - на 30 әйел оралды. Бүгінде теріс діни ағымдардың жетігінде кетіп, сан соққан келіншектермен тарихшылар мен телог мамандар жұмыстануда. Дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына шырмалғандарға "Абу Ханифа" мазхабы туралы толық және дұрыс ақпарат беріліп, оңалту шаралары жүргізілуде. "Жусан" операциясы 3 кезеңнен тұрды. Діни білімнің таяздығының салдарынан шекара асып кеткен отбасыларды елге жеткізу мақсатында қолға алынған шара Президент бастамасымен жүзеге асты. Облыс бойынша 30 әйел мен 82 бала аталған операция негізінде Оралға оралған. Зарина есімді келіншек 2014 жылы жолдасымен Шымкентке одан Қырғызстан арқылы Түрік еліне өтіп Сирияға жеткен. Әуелі ел аралап жер көреміз деп ойлаған 20-ға толмаған жас ана өзінің қайда тап болғанын білмей қалады.
Осылайша бөтен жерде араға көп уақыт салмай отағасының соғыста қаза болғаны туралы қаралы хабар Заринаға жетеді. Ай далада оттың ортасында қалған күлімкөз екі баласымен жесірлер үйіне жеткізіледі. Сол жерде ол -1990 жылғы қазақстандық азаматқа екінші мәрте тұрмысқа шығады. Үшінші баласын өмірге әкелгеннен соң отанға жеткізілді. Зарина алдымен оңалту орталығында болған. Бүгінде олармен мамандар ұдайы жұмыстануда. Басқарма тарапынан 30 әйел түрлі курстардан өтіп, 10-ы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жастары 30-дан аспаған азаматшалармен жұмыс тоқтамақ емес. Аптасына 3 мәрте ғалымдар мен теологтардан және психологтардан тәлім алады. Қазақстан билігінің дерегінше, Сириядан барлығы 357 қазақстандық елге жеткізілген. 2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған комитет Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда Қазақстаннан кеткен 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.