Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенбілік жалғасады

c 16:20, 15/04/2022 c 656

0:00 / 0:00

Көктем туғалы Орал қаласында санитарлық тазалық жұмыстары басталды. Қар астында жатқан көң-қоқыс, құрылыс қалдықтары мен құлаған ағаштардан көз сүрінеді. Шаһарда бейсенбі күні тазалық шаралары жүргізілген еді. Сенбілік ертең де өтеді деп жоспарланып отыр. Мәселен, 14 сәуір күні қала маңындағы 1 -ші және 2 -ші саяжай аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту іс -шарасын ұйымдастырылды. Қала келбетін көркейтіп, жасыл желекпен көмкеру жұмыстарына мейлінше көп халықты жұмылдыру көзделген. Осы мақсатта арнайы акциялар іске асуда. 13-ші сәуір күнгі сенбілікке жоғары және арнайы оқу орындарының барлығы 1000 жуық студенті жұмылдырылған. 1502 қап қоқыс жиналып шығарылған. Оған қоса бизнес объектілеріне сенбілікке шақыру жөнінде 832 хабарлама таратылыпты.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.