Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Самбо күресінен және әскери самбодан ерлер арасында Халықаралық турнир өз бастауын алды

c 18:50, 13/08/2019 c 993

0:00 / 0:00

Дүбірлі додаға Ресей, Өзбекстан, Армения, Грузия және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысуда. Айтулы турнирдің ерекшелігі - бас жүлдеге жылдағыдай аса ауыр салмақтағы спортшылар қатыстырылмай, барлығына теңдей мүмкіндік беріліп отыр.

Жарысқа келген балуандардың бірқатары түрлі сайыстарда шындалып, жоғарғы шыңнан көрінгендер. Олар 11 салмақ дәрежесінде боз кілемде белдеспек. Өңір абыройын Нығмет Серікбай, Болатхан Райымқұлов және Бақыт Ерасыл сынды балуандар қорғамақ. Солардың сапында Румения елінің Бухарес қаласындағы чемпионатта Әлем чемпионы, Маңголияда өткен жарыста Азия чемпионы атағын иеленген Нұрбол Серіков те бар. 74 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз, 2 белдесуді сәтті артқа тастап, ақтық айналымға жолдама алып отыр.

Асқар Шайхиев – қазақтан шыққан самбо күресінен әлем чемпионы еді. Көзі тірісінде Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Әлем кубогының иегері атанды. Көптеген халықаралық турнирлерде топ жарғаны тағы бар. Бір басына мұншама атақ-абыройды сыйдырған дарабоз балуанның ғұмыры қысқа болды. Оның спорт саласына сіңірген өлшеусіз еңбегі ғасырлар бойы жаңғырары сөзсіз.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.