Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЛЫҚ САЯСАТЫ

c 19:45, 25/05/2022 c 933

0:00 / 0:00

Бүгін Парламент Мәжілісі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың масқаты - табиғи ресурстарды өндіруден түсетін кірісті күшейту. Сонымен қатар цифрлық майнингке салық жүктемесін күшейту де қарастырылған. Темекіге акциздерді кезең-кезеңімен көтеру ұсынылды.

Мәжіліс мақұлдаған салық саясатын қамтитын заң жобасына сәйкес, табиғи ресурстарды өндіруден түсетін кіріс көзін молайту қарастырылған. Ұлттық экономика министрінің мәліметінше,
2018-2022 жылдары биржалық металдар бағасы 40 пайыздан жоғары өсім көрсетті. Биржадан тыс пайдалы қазбалар яғни темір кені, хром кені, марганец орта есеппен 20%-дан 40%-ға дейін өсті. Осыған орай үкімет биржалық металдар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін 50 пайызға, ал қалған қатты пайдалы қазбалар бойынша 30%-ға ұлғайту ұсынды. Сондай-ақ, цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейтіледі. Бас экономист
2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс деп отыр. Алайда, депутаттар темекіге салынатын салықты көбейткенімен, адам өміріне орасан зиян келтіріп отырған электронды темекіні тұтыну қауіпті дейді. Сол себепті мәжілісмендер тек экономикалық пайдасын ойламай, электронды темекіге тиым салу керек деген ұсынысты алға тартты.

Жалпы елдегі салық саясатын қайта қарастыру, бизнеске түсіп жатқан салық аурытпашылығын жеңілдету мәселесі қаңтар трагедиясынан кейін қозғалып отыр. Мемлекет басшысы қаңтар оқиғалары кезінде келтірілген залалды өтеу, бизнеске жәрдем көрсету туралы тапсырма бергені мәлім. Сондықтан бизнес алған өтемақы сомасы бойынша кәсіпкерлерге салық міндеттемесін болдырмау ұсынылды. Ал депутат Перуашев елді қысып жатқан қымбатшылық кезінде қосымша құн салығын алып тастап, шарықтап тұрған азық-түлік бағасын түсіруге болады дейді.

Экономика министрі бұл ұсынысты да қарастыруға дайын.

Айтпақшы, үкімет байлыққа салынатын салық мәселесін әзірге қозғап отырған жоқ. Еске сала кетсек, 2013 жылдан бері қымбат автокөліктерге, зәулім үйлерге салынатын салықты көбейту ұсынылған болатын. Тіпті соңғы рет сенат депутаттары да байлыққа салынатын салықты тезірек енгізуді айтқан еді. Алайда, министрлер кабинеті байлардың қалтасын қағуға асығар емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.