Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУДЫҢ ҚАМЫ

c 17:02, 28/09/2022 c 1777

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі Қазақстанның Президенті, Парламенті, Үкіметі және сайлау туралы 7 Конституциялық заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Президенттің өкілеттігін қысқарту, биліктің өкілді тармағын қайта форматтау, сайлау жүйесін жетілдіру, құқық қорғау институттарын күшейту және сайлау процесін жаңғырту осы заң жобаларында көрініс тапты. Мысалы, президент өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде оның саяси партияға мүшелігіне тыйым салуды белгілейтін түзетулер енгізіледі. Сайлаудың пропорционалды-мажоритарлы жүйесі енгізіледі. Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясы квотасы алынып тасталады. Парламент және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды бірмандатты округтер бойынша ұсыну және тіркеу тәртібі реттеледі. Сайлауға ықпал етуді болдырмау мақсатында сайлау қорларына қайырымдылықтың шекті мөлшері белгіленеді. Ал осы күзде өтетін президент сайлауда Президентті тек бір мерзімге сайлап, 7 жыл елді басқаруға мүмкіндігі беріледі. Ал сол сайлауда қазақстандықтар Президенттіке ұсынылған кандидаттардың ешбірін таңдамаса «бәріне қарсымын» деп дауыс бере алады. Алайда, бұл баған сайлаудың нәтижесіне әсер етпейтін болып шықты. Ақжолдық депутаттар «бәріне қарсымын» деп елу пайыздан астам дауыс жиналса, сайлауды өтпеді деп санау керек дейді. Алайда, олардың бұл ұсынысын әріптестері қолдамады.

Әділет министрінің пікірінше, «бәріне қарсымын» деп дауыс беру, халықтың пікірін білдіру ғана болып табылады. Ол сайлау нәтижесіне әсер етпеуі керек.

Не керек біздің көріпкел шенеуніктер алдағы Президент сайлауында халықтың 50 пайыздан астамы «бәріне қарсымын» деп дауыс беруі мүмкін емес деп санайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.