Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМДА 77 ПАЙЫЗЫ ҚОЛДАП ДАУЫС БЕРДІ

c 19:36, 06/06/2022 c 583

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумның алдын-ала қортындысын жариялады. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, 10 012 учаскеде бюллетеньдерді есептеу аяқталды. Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құраса, соның 68,06%-і дауыс берді. Дауыс бергендердің 18,66 пайызы Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы дауыс берді. Елде өткен референдум барысын бақылаған халықаралық байқаушылар дауыс беру барысында аз ғана болмашы заң бұзушылықтарды тіркелгенін. Жалпы дауыс беру заң жүзінде өткенін мәлімдеді. Саяси партиялар да референдум қортындысы бойынша өз мәлімдемесін алға тартты.

Осылайша қазақстандықтардың басым көпшілігі Ата заңға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. Референдум өткен күні 10 мыңнан астам дауыс беру участігі жұмыс істеп, есептеп, бүгін оның алдын-ала қортындысын ұсынды. 11 млн 700 мыңанан аса қазақстандық даусы беруге құқылы болса, референдумға соның 8 миллионға жуығы келіп, қатысқан. Яғни 68 пайызы дауыс берген.

Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс беретін референдум өз мәресіне жетті. Жоғарыда айтылғандай Ата заңға 56 өзгеріс енетін болды. Қазақстандағы саяси науқанды бақылау үшін елімізге 270 бақылаушы келді. Халықаралық бақылаушылар да рефреендумнің өту барысына қатысты өз мәлімдемесін жарыса жариялап жатыр.

ЛЕОНИД АНФИМОВ – ТМД БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Бақылаушылар дауыс беру барысын бақылау барысында аз ғана болмашы заңбұзушылықтарды тіркеді. Олар техникалық сипатқа ие.Олардың арасында ер адам кабинкаға әйелімен бірге кірген немесе сайлау учаскелерінің төрағасы бақылаушыларға нақты сағатқа дауыс берушілер саны бойынша мәлімет бергені сияқты бірлі-жарым жағдайлар болды. Бұл болмашы детальдар, олар жалпы картинаны бүлдірген жоқ"

Болмашы заң бұзушылық демекші, референдум күні елордадағы 122 учаскеде бейнекамераларды көлегейлеп қойғанын байқадық. Учаске төрағасы бұл заң талабы деді.

Ал біз бас сұққан өзге дауыс беру учаскелерінде мұндай көріністі аңғармадық. Орталық референдум комиссиясының мүшелері камераларды жауып тасату туралы талап болған жоқ деп отыр.

Референдумның қортындысы бойынша саяси партиялар да мәлімдеме жасады.

ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Біз Қазақстан халық партиясы «Жер және жер қойнауы халыққа тиесілі» деген Конституциялық норманы іске асыру жөніндегі халық заңын жария түрде әзірлеудің басталғанын мәлімдейміз. Бұл бастамаға бей-жай қарамайтын азаматтарды, әсіресе заңгерлерді, экономистерді, қаржыгерлерді заңның жазылуына атсалысуға үндейміз. Amanat, «Ақ жол» партияларын, сондай-ақ парламенттік емес, оның ішінде әлі тіркелмеген партияларды да халықтық заңды әзірлеуге шақырамыз».

Осылайша саяси партиялар Жаңа Қазақстанды жаңаша басаймыз деп сендіреді. Қызылдар партиясы әрбір қазақстандық мемлекеттік компаниялардан дивиденд алуы тиіс дейді. Сондай-ақ, партия Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты және жаңа заң әзірленгенге дейін Үкіметтен арзанға сатылып кетпес үшін, мемлекеттік компанияларды жекешелендіруді тоқтатуды талап етеміз деді. Үкімет биыл және алдағы жылдары «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «QazaqGaz» және «Самұрық-Қазына» қоры шамамен 40 кәсіпорынды жекешелендіруге шығаруды жоспарлап отырғаны мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.