Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕМЬЕРДІ ДҰРЫС ТҮСІНБЕЙ ҚАЛДЫҚ ПА?

c 17:08, 27/09/2022 c 1586

0:00 / 0:00

Бүгін өткен Үкіметтің дәстүрлі отырысын премьер-министр Әлихан Смайылов кешегі мәлімдемесіне түсініктеме беруден бастады. Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналысынан соң, Смайылов елімізге ағылып келіп жатқан ресейлік азаматтарға жәрдем көрсету керек, оларды уақытында тіркеп, жұмыспен қамтып, жалға берілетін баспана нарығын реттеуді айтқан болатын. Алайда премьер-министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде дау тудырды. Қазақстандықтардың жағдайын қамти алмай отырған үкімет отставкаға кетсін деген пікірлер көп жазылды. Бұл жағдай Әлихан Смайыловтың да құлағына жеткен болар, халық айтқандарымды дұрыс түсінбеген деп ақталды.

Көрші елден келушілер саны соңғы күндері күрт артты. Ресейліктердің елімізге жаппай келуі жалдамалы пәтер бағасының шарықтауына әкеп соғып отыр. Ақшаға құныққан пәтер иелері бағаны екі есеге көтеріп, шамасы жетпеген отандастарымыз далада қалып жатыр. Тіпті жалдамалы баспанадан қуылған студенттердің саябақтарда қонып жатқаны жайында ақпарат көп. Өз халқының жағдайын ойлауға кіріскен Үкімет басшысы арендалық тұрғын үй бағаларының өсуіне қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ресейден бастау алған ұлы көштің салдарынан Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік қысым болады дейді бас экономист. Қуантыров мырза бұл үрдіс көпке созылмайды деп жұбатып қояды.

Еліміздің Көші-қон қызметі Қазақстан тарапынан қабылдаушы тұлғалар шетелдіктің келгені туралы үш күннің ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті екенін ескертеді. Оның ішінде қонақүйлер, хостелдер, пәтер иелері де бар. Дер кезінде хабарламаған жағдайда жеке және заңды тұлға Әкімшілік жауапқа тартылады. Яғни заңды тұлғаларға 31 800 – 79 500 теңгеге дейін, ал қайталанған жағдайда 318 000 теңгеге дейін айыппұл салынады. Күні кеше әлеуметтік желілерде қазақ-ресей шекарасы жабылды деген ақпарат тарағанды. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.