Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пластикалық қалдықпен күрес

c 19:07, 05/11/2019 c 1450

0:00 / 0:00

Жылдан жылға түрлі пластик өнімдер өндірісінің көлемі артып отыр. UNEP мәліметтеріне сәйкес, 500 млрд тонна пластик пакеттер қоқысқа тасталады және минут сайын 1 млн пластик бөтелке сатып алынады. Өкінішке орай, осынау өнімнің айтарлықтай бөлігі бірінші рет пайдаланылғаннан кейін қоқысқа кетеді. Елімізде  қайталама шикізат саналатын палстикті қайта өңдеу ақсап тұр. Қоршаған ортаны былғап, пластик  қоқысын көбейіткенше, қайтадан шикізат, жаңа өнім алу үшін, оны кәдеге жаратуымыз қажет. Пластикадан, полиэтилен пакеттерінің қалдықтарын экологияға келіп жатқан зиян мәселе, елордада өткен  пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында талқыланды.

2018 жылы Қазақстан аумағында 4,3 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналса. оның  481 мың тоннадан астамын пластик қалдықтар құрайды.

Қазақстанда пластикті жинау, қайта өңдеу мәселесі мүлдем кенже қалған. Экологиялық кодекске сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап полигондарда пластиктерді көмуге тыйым салынған. Мәселен, тек 2018 жылдың өзінде  шамамен 480 мың тонна пластик қалдықтары жиналған. Алайда оның тек үш пайызы ғана қайта өңделген. Қалғаны қоқыс болып жатыр. Бұл төмен көрсеткіш. Сондықтан,  пластик пен пластик қаптамаларын  шығаратын ксәіпорындардың, оны тұтунышулардың жауапкешлігін арттыру керек.

Юлия Душкина - «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының жобалар менеджері; «Нақты талап жоқ. Пластикті жеке жинау тәртібін енгізу керек, оны өндіретін кәсіпорындардың, тұтынушылардың да  жауапкерлшігін арттыру қажет. Стандарт болуы тиіс. Біз мұны заңмен реттемесек болмайды. Әкімшілік жауапкершілік қажет»

Ал күнделікті азық-түлік таситын пластикалық пакеттер де қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізуде. Желмен ұшқан пакеттер теңізге де, мұхитқа да жетеді. Бұл судағы тіршілік иелеріне зиянын тигізсе, 100 жылдап шірімей жата беретін пластик қоқысы экологияны былғап жатыр. Қазақстандық экологтар бұл мәселені 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен полиэтилен пакеттерді сауда нүктелерінде пайдалануға тыйым салу арқылы шешеміз деп отыр. Сонымен қатар енді сауда нүктелерінде мұндай пакеттер тегін берілмейтін болады.

Жасұлан  Нұрғалиев – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы; «Нақты қандай жауапкершілік болатынын айта алмаймын. Бірақ, пластикалық пакеттерден бас тартатын уақыт келіп жетті деп білемін. Оған тиым салу керек »

Экологтар бүгінде көп қолданылатын палстикалық пакеттерді қолданыстан алып тастау үшін, полиэтилен пакеттерге балама ыдырайтын биопакеттер шығарып, олардың бағасын теңестіруді ұсынады. Егер экопакет пен полиэтилен пакеттердің бағасын бірдей болса, экологиялық жауапкершілігі мол азаматтар экопакеттерді қолданатынынына сенімді. Ол үшін мемлекет  мұндай экопакеттерді сауда орындарында тегін де беруді өз мойнына алуы тиіс деген ойлар да айтылды. Қазақстан бойынша күніне 15 миллион полиэтилен пакеті қолданылады екен. Ал биопакеттердің үлесі тым аз. Елімізде экопакет шығаратын кәсіпорындар  қолдау болса, мұндай пакет шығару көлемін арттыруға дайын екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.