Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зеленов ауданында қос мектептің құрылысы басталмақ

c 15:35, 18/09/2018 c 930

0:00 / 0:00

Зеленов ауданында 46 күндізгі мектеп, 8 мемлекеттік және 4 жекеменшік балабақша қызмет жасап жатыр. Мектептерде 8000-нан астам шәкірт тәрбиеленіп, білім алып жатыр. Аудан көлемінде білім беру саласындағы жаңашылдықтар толығымен еніп жатқан көрінеді.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде 1500-ден астам педагог қызмет жасайды. Биылғы жылдың өзінде оқу бітірген 50 жас маман жұмысқа қабылданыпты. Білім бөлімінің басшысы мамандарды "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Алайда, баспанаға қол жеткізген азаматтардың арасында ай сайынғы жарнаны төлемейтін жандар да табылады екен.

Аудандағы басты мәселенің бірі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Статистикалық дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда аудан көлемінде 800-ден астам бала балабақша кезегінде тұр.

Жақында Зеленов ауданына қарасты Трекин мен Достық ауылында қос мектептің құрылысы басталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.