Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПАРИЖ КЕЛІСІМІ

c 10:11, 15/10/2021 c 2012

0:00 / 0:00

Қазақстан 2060 жылы 80 пайыз баламалы энергия көзін қолданатын болады. Ал 2050 жылға қарай елде көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады.
Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» деп аталатын халықаралық конференцияда осылай деп мәлімдеді. Айтулы жиында Қазақстан 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасының жобасы ұсынды. Осы құжатқа сәйкес, еліміз жасыл энергия көзін тұтыну жолындағы жоспарларын орындауға міндеттеме алды.

Алдағы қырық жылда Қазақстан көміртегінен таза ел болу міндетін алып отыр. Бұл Париж келісіміндегі басты талап. Көмір отынын қолданып жатқан өнеркәсіп орындары қоршаған ортаны басты ластаушы- болып табылады. Қазақстан энергия көзін тартуда 90 пайыз көмірге тәуелді. Экологияны ластап отырған кәсіпорындарға салынып жатқан миллиондаған айыппұлдар мәселені шешпей отыр. Ауаның ластану деңгейі керісінше артып кетті. Заңмен рұқсат етілген шығындылардан басқа, заңсыз қалдықтар да баршылық. Бұл проблеманы құзырлы орган мен экология саласының сарапшылары жиі айтып, талқылайды. Алайда, қабылданған шаралардан нәтиже жоқ. Зауыттар мен стансаларға ауаны ластамау үшін арнайы фильтр қою, зиянды шығындылар үшін айыппұлдарды арттыру қолға алынды. Мұндай жағдайда тек баламалы энергия көзін қолданып ғана, экологияны қорғай аламыз. Ал бұл мақсатқа алдағы 40 жылда ғана қол жеткізетін сияқтымыз. Қазақстан 2060 жылы 80 пайыз баламалы энергия көзін қолданатын болады деді Президент Тоқаев.

Бүгінде елде жылу беру үшін ең арзан Екібастұз көмірі қолданылады. Ал оның 45 пайызы күл болады. Стансаны толық жөндеуден өткізу керек. Алайда оған қыруар қаржы қажет. Қазақстанда 10 қала ең лас аймақтар қатарына енгізілген. Оның ішінде Қарағанды мен Пауладар облыстары көш бастап тұр.Бұл өңірлерде өнеркәсіп орындары өте көп. Көмірге тәуелділік басым бола тұра Қазақстан Париж келісіміндегі міндеттерді мойнына алды. Енді 2030 жылға дейін панрникті газдардың шығындыларын 15 пайызға қысқарту міндеті тұр. Экология министрі әзірге көмірден бас тарта алмаймыз дейді.

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Ешкім көмір стансаларын жабайын деп отырған жоқ. Жаңартылған энергия көзін пайдалану көлемі 2030 жылы 15 пайызды құрайтын болады. Осылайша Париж келісіміндегі міндеттерді орындаймыз».

Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай елдегі көмір электр станцияларының бәрі қолданыстан шығарылады деп мәлімдеді. Энергетика министрлігі болса, жаңартылған энергия көзінің қуатын арттыруды жоспарлап отыр. Алайда күннен, желден энергия көзін тарту ел экономикасы үшін тиімсіз болып тұр. Президенттің айтуынша, мұндай үлкен мақсаттарға қол жеткізу үшін электр қуаты мен жылу өндіру секторын жаңартуға қомақты қаражат пен инвестиция тарту, парниктік газдардың қалдықтарына бөлінетін квоталарды саудалаудың ұлттық жүйесін қайта қарау, оны тиісті халықаралық жүйелерге сәйкестендіру қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.