Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оттегі құрылғыларды келді

c 13:45, 13/07/2020 c 686

0:00 / 0:00

БҚО-на 160 оттегі концентраторы келіп жетті. Құрылғыларды өңірдің кәсіпкерлері алып берген. Атымтай жомарт жандар арнайы "Ақжайық" қорына қаражат жинап, атқарушы билік зауыт бағасымен адам өмірі үшін қажетті құрылғыларды сатып алып, Ресейден тасымалданған.

Қазір өкпесіне оттегі жетпей, өлім мен өмір үшін күресіп жатқан науқастарға ивл мен оттегі концентраттары қажет. Аталған құрылғылар жетіспей, өздігінен демала алмай, құрылғылардың тапшылығынан жан тапсырып жатқан қаншама адам бар. Өкпесі қабынып, тыныс алуы мұңға айналған жандар үшін облыстың атымтай жомарт жандары арнайы оттегі концентраттарын сатып әкеліп беруге мұрындық болды. 160 құрылғыны Ресейден алып келген.

Құрылғыларды сатып алуға көмек қолын ұсынған жандар барша кәсіпкерлерге азаматтардың өмірін сұм ажалдан құтқару үшін қолдан келген шаралардың баршасынан аянбауға шақырады.

Кәсіпкерлер есебінен сатып алынған құрылғыларды облыстық және қалалық аурухана мен жұқпалы ауруларға арналған ауруханаға және аудандық медициналық мекемелерге таратып бермек. Қазіргі таңда облыстағы эпидемиялогиялық жағдай қиын. Сол себепті тағы да облыстық аурухана жанынан провизорлы стационар ашылып, науқастарды емдеуге кіріспек. Бүгінгі таңда корпуста жөндеу жұмыстары аяқталып, науқастарды қабылдау үшін төсек-орын жабдықталып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.