Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отандық дәрімен қамту

c 10:18, 07/10/2020 c 532

0:00 / 0:00

Ел нарығын отандық дәрі-дәрмекпен қамтуды 50 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Үкіметтің онлайн селектордық отырысында құзырлы органдар фармцевтика саласын өрлету бойынша жоспарларымен бөлісті. Отандық дәрі-дәрмектің үлесін арттырудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады, бұл дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін 2,5 есеге, экспортты 3 есеге ұлғайтуға, 2 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды даярлауға және оларға арнап тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанның фармацевтика саласында 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен техникалар шығаратын кәсіпорындар бар. Осы салада 5 мыңнана аса адам қызмет етуде. Индустряи министрінің дерегіне сүйенсек, отандық фармацевтер тіпті шетелге дәрі экспорттап жатыр. 2019 жылы өндіріс көлемі 18 пайызға өсіп, 92 млрд теңгені құрады. Экспорт 69 пайызға артты. Дегенмен, отандық дәрі-дәрмек өндіру саласы 30 пайыздан асып отыр. Бұл межені алдағы 5 жылда елу пайызға жеткізу мақсаты тұр. Ол үшін 30 ірі жоба іске қосылмақ.

Бір жаманның бір жақсысы бар дегендей, пандемия барысында ең қажетті затқа айналған медициналық бетперде шығару өндірісі қарқындап жатыр. 2021 жылдың бірінші тоқсанына қарай тәулігіне 2 миллион дана бір реттік бетперде шығару жоспары бар. Сондай-ақ, дәрігерлерге арналған қорғаныс киімдері мен медициналық қолқаптар шығару артады. Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі қазақстандық фармацевтер ковидке қарсы емдейтін дәрі-дәрмек шығару аясын кеңейіткенін айтты.

Алексей Цой-ҚР ДСМ «Айта кету керек, COVID-19 індеті бойынша дәрілік заттардың 48%-ын отандық тауар өндірушілер өндіреді, бұл эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік береді. 10 жыл ішінде отандық тауар өндірушілердің өнімі шамамен 300 млрд теңгеге сатып алынды, ал оның үлесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 70%-ға жетті».

Шенеуніктер айтқандай, елдегі дәрі-дәрмек шығару өндірісі қарқындайтын болса, бұл жаңа жұмыс орындарының құрылуына септігін тигізері сөзсіз.
Дегенмен, отандық фармцевтика өндірісі 30 пайыздан асып отырған шақта, қауіпті індет елде дендеп кеткен кезде қазақстандықтар қарапайым дене қызуын түсіретін парацетамол дәрісіне зәру болғаны есімізде. Үкіметтің жоспары орта жолдап ақсап қалмаса, отандық фарамцевтиканың да әлеуеті өсер деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.