Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отан қорғау жолында жан кешті ерлік көрсеткен батырлардың ерлігі- мәңгілік ел есінде!

c 00:00, 08/04/2015 c 545

0:00 / 0:00

БҚО-ның ТЖД-нің ұжымы ҰОС-ның ардагері Рысқали Қабировтың үйіне арнайы барып, қал-жағдайын білді. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бейбітшілік таңының атуына өлшеусіз үлес қосқан қарт жауынгерге құрмет көрсетіп, сый-сыяпаттарын тарту етті. Рысқали Қабиров соғысқа 17 жасында аттанады. Украинада шекара шебін міз бақбастан күзетіп жүріп, жастайынан талай қан қилы оқиғалардың куәгері болады. Соғыстан кейін де әскери қызметте болған ардагер тек 1950 жылы отбасылық жағдайына байланысты туған отбасына оралады. Одан әрі басшылық, төрағалық қызметтерін атқарып, ауылының көркеюіне үлесін қосады. 91 жасқа қараған Рысқали ақсақал өзін арнайы іздеп келген қонақтардың құрмет-ілтипатына дән риза болды. Ал төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері ұжым атынан жүрек жарды лебіздерін білдіріп, ардагердің отбасына үлкен экранды плазмалық теледидар сыйға тартты. Кейіпкеріміз Рысқали Қабиров бүгінде 5 баласынан 15 немере сүйіп отырған ата. Соғыс кезіндегі талай жайттан сыр шерткен ардагер денсаулығына байланысты биылғы жеңіс шеруін төтеншеліктер сыйға тартқан көгілдір экраннан тамашалайтынын атап өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.