Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық автобустарға электронды билет жүйесі енгізілмек

c 15:52, 13/01/2021 c 712

0:00 / 0:00

Орал қаласында 2021 жылдың жазынан бастап қоғамдық көліктер жолақысын төлеу электронды түрде жүзеге аспақ. Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі бөлімінің мамандары хабарлады. Қазіргі таңда жолаушы тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізілуде.

Астана мен Алматы секілді мегополистердегідей оралдық қоғамдық көліктер де электронды билет жүйесі бойынша жұмыстанбақ. Мамандар жаңашылдықты биыл жазда енгізуді жоспарлап отыр. Осыдан 3 жыл бұрын Оралдық 4 маршрутта электронды билет пилоттық жобасы іске асқан-ды. Бірақ билеттің электронды түрін ұсынған компаниямен тасымалдаушылар арасында келіспеушілік туындады. Ақыр соңында жоба тоқтап, жолаушылар тиынмен жолақысын төлеуді жалғастырып келеді.

Тұрғындардың жолақысын төлеудің жаңа әдісіне байланысты пікірін сұрастырған едік.

Автобустарда электронды билет жүйесін енгізумен қатар, олардың регламенті мен қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі өте өзекті. Қазіргі таңда қала автобустарының басым көпшілігінің тозығы жеткен. Адамдар баратын жеріне жетуі үшін қақаған аязда аялдамада тоңып-шашырап, автобус күтетіні жасырын емес. Мамандар: "Биыл жазда КПО би.ви компаниясының есебінен жаңа автобустарды сатып алу жоспарлануда",- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.