Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жастар бір-біріне мылтық атып, көпшіліктің зәресін ұшырды

c 17:26, 21/10/2020 c 424

Мына әуесқой түсірілімде жастардың жан-жаққа қашып, артынша қару атылғаны көрінеді. Оқиға 20 қазан түнгі сағат 22.10 Орал қаласының Шолохов көшесіндегі «Венойл» жанар-жағар май құю станциясының аумағында орын алған. Жанжалға екі тараптан барлығы 20 адам қатысқан. Жас шамалары 24-30 аралығында. Оқиға болған жерге бірден жақын маңайдағы полицияның наряды жолданып, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қақтығысқа қатысқан барлық адамдар анықталып, ұсталды. Екі азамат түрлі жарақаттармен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оқ тиген 24 жасар азамат хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.. Жанжал неден басталғаны анықталуда. Айта кету керек, биылғы жылы ҚК 293 бабы бойынша 93 бұзақылық фактісі тіркелген. Ал ауыр санаттағы қылмыстар бойынша 4 факті орын алса, соның 100% ашылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.