Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Орал" үйі қайта ашылды

c 17:37, 02/09/2019 c 891

0:00 / 0:00

Сүйінші! Орал қаласындағы «Орал» сауда үйі қайта жаңғыртудан өтіп, есігін айқара ашты. Жаңарып қайта түлеген кәсіпкерлік нысаны өз тұтынушыларына жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қолға алды. Орталықтан сіз өзіңізге қажетті техниканың сан алуан түрі мен азық-түлікті де сатып алуға жағдай жасалған.Облыс орталығы Орал қаласында өз тұтынушыларының көңілінен шыққан ондаған ірі сауда кешендерінің ішінде «Орал» сауда үйінің орны ерекше. Айтулы датаға орай, сауда нысанының тұрақты сатып алушылары үшін ұйымдастырылған меркелік шарада, ауқымды акция ұйымдастырылып, оған қатысушылар көптеген ұтысқа ие болды. «Орал» сауда үйі жұмыс жасаған осы мерзім ішінде сатып алушылардың жиі барар сауда орнына айналды. Ал қайтадан жаңарған кәсіпкерлік нысанына келушілер күні бұл күні екі есеге артты. Өйткені «Арнайы дайындалған шоу-бағдарламалар, танымал брендтер ұсынған тосын сыйлар келушілер үшін күтпеген жәйт болды. Тұрғындар атаулы күнді жоғары дәрежеде атап өтті. Жеке өзіңіз ғана емес, бүкіл жанұяңызға қызмет етуге дайын дүкеннен әйелдердің сан түрллі соңғы үлгідегі киімдерімен қатар аксессурлар мен тері бұйымдары, алтын әшкейлер, оқу құрладар т.б керек жарақтың бәрін табуға болады. Қалалықтардың ілтипатқа толы мұндай қызметке алғысы шексіз. та ашылды Орал сауда үйіне келушілерге барлық жағдай жасалған. Сауда жасай жүріп арасында, тынығып алуыңызға,жүрек жалғауыңызға да болады.Кеңесшілер сіздің сымбатыңызға сай киім таңдап беруге жәрдемін тигізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.