Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал суға кете ме?

c 17:31, 14/02/2019 c 530

0:00 / 0:00

БҚО әкімі Алтай Көлгінов БҚО су тасқынының алдын алу жолдарын күшейтіп, халықтың қауіпсіздігін сақатуды мұқият тапсырды.Бүгін әкімдікте өткен шарада БҚО кейбір аудандарын су басу қаупі бар екендігі белгілі болды. БҚО қардың мөлшері биыл көп, одан бөлек өзенге келіп Ресей жақтан қандай мөлшерде су түсетіні белгісіз.Сондықтан да сақтық шаралары күшейтіліп жатыр.Дәл қазіргі уақытта БҚО ТЖД мамандары Самара, Орынбор, Саратов секілді Ресейдің қалаларымен байланыс орнатып судың мөлшері туралы ақпарат алып отыр.Талдауларға сүйенсек 88 аймақ суға кетіп қалуы мүмкін.
Қазіргі таңда материалдық техникалық база жасақталып жатыр.
Қазір қалада қар көп болуы біраз жұмысты қиындатып тұр. Бар техника қарды тазалап үлгермей жатыр. Бұған дейін қар тасып келген жерлер қардан толып қалған.
Биылғы қардың қалындығы әжепатуыр баршылық дейді ауа райын болжаушылар.Жиын соңында аймақ басшысы облыстағы ахуалды күндегісін бақылып , талдау жүргізіп отыруды тапсырды. Одан бөлек су кету қаупі бар аудандарда адамдарды орналастыратын орындар дайындай беріңдер деді мамандарға.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.