Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының жолаушы тасымалдаушылар паркі жаңаруда

c 17:21, 28/09/2018 c 949

0:00 / 0:00

Бүгін №7-ші маршрут желісіне 10 жаңа автобус шықты. Су жаңа техникалар "Ақжол авто" ЖШС-не табысталып отыр. Таңмен ерте автобустардың желіге қосылу сәтіне қала әкімі Мұрат Мұқаевтың өзі куәгер болып, қоғамдық көлік иелерінің жаңғырту жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

"Vektor" маркілі жаңа 10 автобус Ресей өндірісінен шығарылған. Бүгін олар алғашқы күн Орал қаласында жолаушы тасымалдау қызметін бастады. Қала әкімі Мұрат Мұқаев жолаушы тасымалдау саласын модернизациялау аса маңызды екенін атап өтті. Қазіргі күні қалада 500 автобус арнайы навигатор жүйесімен жабдықталған. InfoBus мобильді бағдарламасы арқылы қоғамдық көліктердің жүру сұлбасын, қайда жерде қозғалып келе жатқанын анық көріп отыруға болады. Бұл бағдарламаны 72 мыңдай адам жүктеген.

Жолаушы тасымалдаушылар жаңа көліктерге қол жеткізу күрделі процесс екенін атап өтті. Дегенмен ұзақ мерзімді саралау нәтижесінде өтініш мақұлданы, автобустарға қол жетіп, кәсіпорын паркі жаңарып отыр. Биыл тамыз айының ортасында маршруттарда электронды билет қолданысқа енген болатын. Ол күні бойы тасымалданған адам санын анықтауға мүмкіндік береді. Қазір жолаушыларға осындай 5 мың электронды жолақы картасы үлестіріліпті. Жолаушы тасымалдау қызметін модернизациялау-сапалы да, заманауи қызметті жетілдірудің тетігі. Күрделі процесске көшу белгілі бір уақытты талап етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.