Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының "Ақжайық" хоккей командасы допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасындағы кезекті кездесуін өткізді

c 07:32, 06/01/2015 c 863

0:00 / 0:00

Матч жерлестерміздің өз алаңында болды. "Ақжайықтың" бұл жолғы қарсыласы азулы ойыншылардың бірі-Саратовтың Универсал командасы. Саратов қаласының "Универсал" командасы оңай шағылар жаңғақ емес. Бірақ біздің "Ақжайық" оларға алғашқы сәттен тіс батырып, батыл қадам жасай білді. Бірінші таймның өзінде қонақтар қақпасына 3 доп соғылса, екінші таймда тағы екі гол қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Нәтижесінде Ақжайық 5:0 есебімен жеңіске жетті. 2 голдың авторы Ескендір Нұғманов. Ал Еламан Әліпқалиев үлкен жеңіске жету жолында 3 бірдей допты мергендікпен орындады.
Осы кездесуден кейін Ақжайық командасы Челябинск облысының Никельщик командасына жол беріп, 25 ұпаймен турнир кестесінің 2ші орнына көтерілді. Ресейдің допты хокейден өтіп жатқан чемпионаты аясында ақжайық кезекті кездесуін өз алаңында Никельщикпен 13-14 қаңтарда өткізгелі отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.