Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының əкімі коммуналдықтардың түнгі жұмысын бақылап қайтты

c 14:08, 03/04/2018 c 1423

0:00 / 0:00

Шаһар басшысы Мұрат Мұқаев көктемгі қар суынан келер залалдың алдын алу үшін "Жайық таза қала" қалай жұмыс жасап жатқандарын тексеріп, бірнеше мекен-жайды аралады. Оның ішінде жеке тұрғын үй секторлары маңында аула сыртына үйілген қарды тиеп, жолға жиналған шалшық суды сорғызу жұмыстарын көріп қайтты.

Орал қаласы аумағынан бүгінгі күні 270 мың текше метр қар шығарылып, 15 мың текше метр еріген қар суы сорғызылған. Күні-түні 60 техника жұмыс жасап, Сарытау, Жұлдыз, Деркөлдің ПДП-1 және ПДП-2 сияқты қауіпті аудандарына ерекше көңіл бөлуде. Түнгі мезгілде де күшейтілген режимде жұмыс жасайтын коммуналдықтар тұрғын үй секторларында аула сыртына үйілген қарды тиеп, жағалауға тасумен айналысуда.

Мұрат Мұқаев,
Орал қаласының әкімі
"Жайық таза қала" ЖШС-нің 350 жұмысшысы қар күреп, су сорғызу жұмысын жасап жатыр. Бұдан бөлек, сарбаздар мен студенттер, еріктілерден құралған 350 адам қосылды. Қазіргі күні жалпы саны 1000-ға жуық адам күші тартылған.

Қолда бар 30 су сорғыш техника барлық жолдар мен ойпаттарға жиналған шалшық суды сорғызуға жұмылдырылыпты. Ал арық жүйелерінің бүгінде 95 пайызы аршылыпты.

Асылбек Сакказов,
"Жайық таза қала" ЖШС директоры
Қаладағы арық жүйелері аршылып, тазаланды. Бұл еріген қар суының жолдар мен тұрғын үй маңына жиналмауы үшін маңызды. Сарытау, Жұлдыз, Құс фабрникасы аудандарында жағдай тұрақты.

Наурыз айында қаламызға 3 айлық нормадағы қар түсті. Мұндай жағдайда күн күрт жылынса еріген қар суынан келер қауіп арта түседі. Сол себепті қауіп-қатер жөнінде қаладағы 75 саяжай бірлестігіне ескертілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.