Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында "Жастар" алаңы қолданысқа берілді

c 18:23, 09/07/2018 c 1026

0:00 / 0:00

Спорт нысанының салтанатты түрде ашылуына облыс әкімі Алтай Сейдірұлы қатысып, өңір спортшыларына су жаңа стадионды табыстады. Жалпы аумағы 7900 шаршы метрді құрайтын стадионның құрылысына 1 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалған болатын.

Стадионды осыдан 3 жыл бұрын жөндеу мәселесі көтерілген еді. Жобаға 1 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Бұл сома Қарашығанақ кен орнының әлеуметтік төлемдерінен бөлінген болатын. Күрделі жөндеуден өткізілген стадион елордамыз Астананың 20 жылдығына орай салтанатты түрде ашылып, қолданысқа берілді. Алаңның жалпы аумағы 7900 шаршы метрді құрайды. Бұдан өзге 20 спорт алаңы салынған болатын. Спорт нысандарының көптеп ашылуы-халыққа салуатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасаудың бір көрінісі деуге болады.

Салтанатты шара барысында Виталий Немолочныйға Батыс Қазақстан облысы бойынша тұңғыш рет допты хоккейден Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы атағы берілді. Елімізде теңдесі жоқ мұз айдыны бар стадионды салған мердігер компания басшылығы "Жастар" стадионына 10 коньки мен 10 доп сыйлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.