Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында жас жол сақшылардың қалалық слеті оздырылды

c 00:00, 28/04/2015 c 746

0:00 / 0:00

Слетке шаһарымыздағы 30 мектептің атынан шыққан оқушылар қатысып, жол ережелері жөніндегі білік-дағдыларын сынға салды. Слетке қатысушылар 10-нан астам сынақтан өтуі керек. Оның ішінде "жол қозғалысын қолдан реттеуші", "үздік санитар", "үздік жол белгісі" және "үздік велосипедші" номинациялыр бойынша жарыстар оздырылды. Айта кетейік, бүгінгі жас жол инспекторларының слеты барлық ауданда өткізілуде. Нәтижесі бойынша қатарластарынан озық шыққандар облыстық байқауда сынға түсіп, арасынан үздіктері анықталатын болады. Жас инспекторлар жол ережелерін біліп қана қоймай, апатты жағдай орын алған кезде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге де машықтанған болуы шарт. Жол сақшыларының жұмысына өз үндерін қосып, авто көлік жүргізушілерін ереже бұзбауға шақыруда оқушылардың әрекеті тиімдірек болып отыр. Себебі өзіне айыппұл салып, жазаға тартатын полициядан гөрі, жас баланың сөзі қарапайым жандарға көбірек әсер етсе керек. Биылғы жылы былтырмен салыстырғанда БҚО-да оқушылардың қатысымен орын алған жол апаттары артып отыр. Атап айтсақ, 24 жол оқиғасы тіркеліп, 1 бала мерт болған. Бүгінгі слет осындай қайғылы жайттардың алдын алуға сеп болады деп үміттенміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.