Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында тұрғын үй құрылысы жалғасады

c 17:54, 11/04/2018 c 1039

0:00 / 0:00

Орал қаласының бюджеті 2018 жылдың 1-ші сәуірінде 40,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл қаржы өткен жылғы бюджетпен салыстырғанда 82 % артқан. Қала бюджетінің басым көпшілігі, яғни 38 % білім беру саласына жұмсалмақ. Мемлекет бөлген қаражаттың 32 % құрылыс саласында игерілмек. Сондай-ақ, биылғы жылы шаһарымызға қарасты Желаев, Круглозерный мен Зачаганск кенттерінің бюджеттері 4- деңгей бойынша бекітілген. 2018 жылы қала аумағында 13 млрд теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бөлінетін қаражаттың 80% тұрғын үй салу үшін көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда, баспанаға қол жетпей жүрген жандардың қарасы қалың. Мәселен, облыс бойынша 22 мың адам пәтер кезегінде тұр. Соның 19 мыңы Орал қаласы бойынша кезекте тұрғандар. Аталмыш мәселені шешу үшін шаһар аумағында тұрғын үйлердің құрылысы биыл да жүзеге аспақ. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жалпы алғанда облыс орталығында 159,1 мың шаршы метрді құрайтын 21 үйдің құрылысы жүргізілмек.

Облыс орталығын дамытуға арналған жиында апатты деп танылған тұрғын үйлер туралы да сөз болды. Мәселен, 2016 жылы қабырғасы сөгіліп, тозығы жеткен 43 тұрғын үй тіркеуде тұрған еді. Мемлекеттік -жекешелік әріптестік аясында былтырғы жылы 90 пәтерлік тұрғын үй қолданылуға берілген болатын. Ал, биылғы жылы 2017 жылы құрылысы басталған 6 қабатты 136 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады,- деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, жиын барысында шаһарымызда жаңадан бой түзейтін жаңа "Ақжайық" ауданы туралы баяндалған болатын. Келешекте жаңа ауданда 150 көп қабатты үй түзеп, 8 мектеп пен 9 бала бақша, 78 балаларға арналған алаңдардың орын тебеді деп жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.