Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында ПД-нің тергеушісі сот арқылы қызметіне оралды

c 00:00, 27/02/2015 c 705

0:00 / 0:00

Осы салада 10 жылдай еңбек еткен Асхат Нанбаевты өткен жылы жұмысынан еш себепсіз шығарып тастайды. Бұған көндікпеген тергеуші өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымданыпты. Осылайша соттың шешімі бойынша өз орнына қайта жайғасқан Нанбаевтың пайдасына заңсыздықтың құрбаны болып, біраз уақыт жұмыссыз жүргені үшін 400 мың теңгеге жуық еңбек ақы өндірілетін болды. Асхат Нанбаев ішкі істер органында тергеуші қызметін атқарып жүріп, тәртіптік жазаға тартылады. Содан басшылықпен оны лауазымынан босату туралы бұйрық шығарылыпты. Бірақ 10 жылдай осы салада тәжірибесі бар маман өзінің кінәсі жоғын біліп, бұл бұйрықпен келіспей, құқығын қорғап қалу үшін әділдік іздеген. Талапкердің арысызын мұқият тексерген сот оны қызметіне қайтару туралы шешім шығарды. Орал қалалық 2-ші сот төрешісінің айтуынша, бұл жерде заңсыздықтың орын алғаны анықталып отыр. Процесс барысында бұйрықты заңға қайшы деп тапқан судья талапкер Нанбаевтың пайдасына бос жүрген уақыты үшін 394 мың теңге еңбек ақы өндіру туралы шешім шығарды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Дегенмен арызданушы тарап шығарылған шешімге разы болып тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.