Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында наурыз мейрамының құрметіне орай "Достық Кубогы" үшін таэквондодан халықаралық жарыс өз бастауын алды

c 00:00, 20/03/2015 c 860

0:00 / 0:00

Аталмыш бақталаста 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысып, аяқ ұрысынан өз шеберліктерін көрсетті. Бүгінгі тартысты жарысқа Ақтөбе, Атырау Сызран,Уфа,Самара, Ульяновск, Октябрьск және Орал сынды қалалардан спортшылар жиналып, татамидің үстінде ұрысқа түсті. Барлығы 174 аяқпен ұру шеберлері өз бақтарын сынағанды. Көршілес Ресей Федерациясы спортшыларының бұл Оралдағы халықаралық жарысқа алғашқы сапарлары емес. Олар бұған дейінде Жайықтың төрінде өткен талай жарыстарға келген болатын. Бір қуантарлығы ол елден жыл сайын жарысқа келетін спортшылардың саны артуда. Айта кету керек бұндағы жарысқа жасөспірім ұлдар ғана емес, сондай-ақ қыз балаларда даян алаңына шығып, ерлермен тең дәрежеде өнер көрсете білді. БҚО таэквондо федерациясының президенті Сакен Мудатовтың айтуынша, біздің өлкемізде аталмыш спорттың түрі қарқынды дамып келеді. Бүгінгі жарыста соның бір дәлелі десек қателеспегеніміз болар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.