Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйдің жедел сатысында бір адам мерт болды

c 06:43, 22/01/2015 c 712

0:00 / 0:00

Зашаған кентіне таяу маңда салынып жатырған 9 қабатты үйлердің бірінде "Уральск лифт" кәсіпорнымен жедел саты орнату жұмысы жүріп жатырған. Осы кезде аяқ астынан жазатайым жағдай тіркеліп отыр. Марқұм болған 61 жастағы азамат аталмыш кәсіпорынның қызметкері емес, тек осында жиі келіп жұмыс жасап жүрген. Мамандардың айтуынша, құрылыс нысанында бөтен адамның болғанынан басшылық хабарсыз болған. Азамат осындағы жұмысшылармен таныс болғандықтан ішке еш қиындықсыз еніпті. Арада аз уақыт өткенде оның белгісіз себептермен жедел саты аралығында қыстырылып қалғанын кезекшілер байқаған. Шахтаға құлап түскен денені "Уральск лифт" ЖШС-нің қызметкерлері шығарып алыпты. Алайда жедел жәрдем келіп көмек көрсеткенімен өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазіргі кезде осы факті бойынша, іс қозғалып тергеу амалдары жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.