Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

c 17:54, 11/12/2019 c 960

0:00 / 0:00

БҚО әкімінің берге тапсырмасы мен БҚО ІІД нұсқауына сәйкес Орал қаласы аумағында 2019 жылы қараша айының 1-нен 2020 жылғы қаңтар айының 1 аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы айында 4500-ден астам жол ережесін бұзғандар анықталды. Оның ішінде 190 азамат көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, 80-жүргізуші көлік құралын рұқсатсыз қайта жабдықтаған, 79 жайт жаяу жүргішілерге жол бермегендермен тіркеліп, ал жолдың белгіленбеген жерінен өткен қала тұрғындарына 1780 хаттама толтыру сынды әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Полицейлер рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, жол қиылысындағы ережені бұзу, қарсы жолға шығу, алкогольді ішімдік ішкен күйде көлік жүргізу, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі телефонмен сөйлесу сияқты жол ережелерін бұзғандарға аса назар аударады. Еске салсақ, шаһарымыздың өзінде биылғы жылдың 11 айында 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 адам қаза болып, 250-дің үстінде тұрғын әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.