Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өткізілді

c 17:57, 23/10/2019 c 596

0:00 / 0:00

21-23 қазан күндері Орал қаласында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өткізілді. Спорттық шара КСРО -ның батыры, полковник Майданов Николай Саинұлын еске алуға арналып отыр. Турнирге көршілес Ресей Федерациясының Орынбор облысынан өзге, өңірдің Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарынан 150-ге жуық спортшы қатысты. Көршілес РФ-ның Орынбор облысы мен облыстың Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары мен қалаларынан келген жасөспірім палуандар арасындағы белдесу 3 күнге созылды. Аталмыш чемпионат аса тартысты өтуімен көптің есінде қалатыны белгілі.Грек-рим күресі XIX ғасырдың басында Франция жерінен бастау алған. Елімізде аталмыш спорт түрі 1948 жылы енгізіліп, 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «грек-рим» болды.Осы аралықта әйгілі қазақ балуаны, классикалық күрестің мейталманы Қажымұқан Мұңайтпасұлы, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров және әлемнің екі дүркін жеңімпазы Шәміл Серіков, сондай-ақ 1980 жылғы грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Дәулет Тұрлыханов сынды спорт саңылақтарымыз грек-рим күресінің дамуына ұшан-теңіз үлестерін қосты. Өңірімізде де бұл спорт саласы кенже қалып жатқан жоқ. Жарыс соңында ширақ қимылымен, ептілігі мен күштілігі қатар ұштасқан командалар мен жекелей спортшылар бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.