Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үй неге суық?

c 16:56, 11/12/2018 c 619

0:00 / 0:00

Орал қаласында бес қабатты пәтердің тұрғындары үйіміз салқын деп шағымданып отыр.Үйдің салқындауына себеп жалпы жылу есептегіш құрал "кінәлі" көрінеді. Себебі осы құралды орнатқалы үйдің жылуы төмендеп кетті деп хабарлады тұрғындар. Әбілхайыр хан даңғылында орналасқан осы үйдің тұрғындары екі жылдан бері үйді жылыту мәселесімен күресіп келе жатқандықтарын айтып шағымданады.Бұған дейін осы үйге ортақ жылу есептегіш құрылғы қойылыпты.Мұндағы мақсат тұрғындардың жылуға төлейтін ақшасы үндемделеді - мыс. Алайда ортақ жылу есептегіш құралдан пайда жоқ, бұрын қалай төлесек солай төлеп отырмыз, ол аздай үйіміз салқын дейді тұрғындар.
Өз мәселелерін өздері шешпек болып тұрғындар біраз есіктің табалдырығын тоздырған.Пәтер иелері кооперативінен келген мамандар үйдің ауа температурасын өлшеп, үйлерін салқын емес деген шешім айтыпты. Дегенмен алдағы уақытта жұмыстанамыз деген жауаптары бар дейді үйдің иелері.
Көп қабатты үйдің тұрғындары болса ақшамызды бұрын қалай төлесек солай төлеп келдік, ешқандай үнемдеуді көріп тұрғанымыз жоқ деседі. Тіпті бізбен кездескен пәтердің иелері жылуға үнемдеп суық тиіп ауырғанымызша, қажетін төлеп жылы жерде отырғанымыз артық дегенді айтты.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.