Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қалалық әкімдігінің залында қала әкімі Алтай Көлгінов Елбасының атынан берілген мерекелік медальді 18 майдан ардагеріне табыс етті

c 00:00, 10/04/2015 c 591

0:00 / 0:00

«Жеңіс күнінен кейінгі өткен жылдар сіздердің ерліктеріңізді одан сайын ұлықтай түседі. Бұл дегеніңіз Отан мен өмірге деген шексіз махаббат пен ерліктің үлгісі. Сіздер жаумен бетпе бет келіп қиын қыстау кездері елдің қамын жедіңіздер», - деп әсерлі жиын басында сөз алған қала әкімі Алтай Көлгінов, ҰОС-ының 70 жылдығы еліміз үшін маңызды мереке екенін атап өтті. Әсерлі басқосуда ардагерлер қауымы өз өмір жолдарын әңгімеге арқау етуді де ұмытпады. Солардың бірі - М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ жарты ғасырдан астам уақыт қызмет етіп келе жатырған ұстаз. КСРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің громатасының, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісінің, Еңбек ардагері медалінің, сондай-ақ 1945 жылы Ұлы Жеңісті радио арқылы хабарлаған құрметті еңбек ардагері - Жолдықайырова Мерует Жолдықайырқызының еңбек жолындағы ерең еңбегі жас ұрпаққа кіршіксіз үлгі. ҰОС жылдарында БҚО бойынша 76 мыңнын үстінде ата-әжелелеріміз сұрапыл майданға қатысты. Өкінішке орай, жас ұрпаққа өлшеусіз ерлкітің үлгісі болған қарияларымыздың қарасы ортайып барады. Бүгінде олардың саны – 242. Ардагерлерді қабылдау шарасы ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атынан берілген мерекелік медальмен 18 ҰОС-ның ардагерлерін марапаттаумен ұласып жатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.