Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңіріміздің Ақжайық ауданы бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығын 7-ті ҰОС -ның ардагерлері қарсы алғалы тұр

c 00:00, 04/05/2015 c 802

0:00 / 0:00

Аймағымыздың Ақжайық ауданы да ҰОС-дағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына бір адамдай дайын. Аудан әкімі атап өткендей, жас ұрпақ тәрбиесіне толассыз ғақлия болар майдангеріміздің құрметіне ұйымдастырылар шаралар қатары мектеп қабырғасынан мәдени орталықтардың төрінде кең көлемде аталып өтілмек. Аталмыш ауданда биылғы жылы небары 7 майдангер қалып отыр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай , осы аудан арадгерлеріне республикалық бюджеттен 100 мың, аудан бюджетінен 150 мың қаражат беру қарастырылып отырса, тыл және еңбек арадагерелрінде марапаттау елеусіз қалған жоқ. Оларға республика қаражатынан 25 мың, ал аудан көлемінде 10 теңге қаражат табыстау көзделіп отыр. Бүгінде Отан үшін суға түсіп, отқа күйген ҰОС-ы ардагерлерінің қатары ортайып бара жатқаны, көңілге қаяу салары анық. Сондықтан, оларға уақытымен құрмет көрсету, әр адамнының басты парызы болмақ. Ауданның Қорғаныс істер бөлімінің атаулы мереке күні өткерер іс-шаралары да аудан көлемін қамтымақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін жауға кеудесін тосып, етігімен су кешкен қаһарман ата-әжелеріміз Ақжайық ауданында да жетіп артылады. Мәселен, сұм соғыс жылдары Тайпақ ауданынан 6000-ға жуық адам соғысқа аттанған болса, ал Чапай ауылынан 5 жарым мың адам алапат соғыстың дәмін сезініп үлгерді. Олардың із түссіз жоғалып, ұрпақтарының мәңгі сағынышына айналғандары қаншама..

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.