Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңіріміз бойынша көпбалалы және әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға 100 грант бөлінді

c 09:19, 01/08/2019 c 1196

Көпбалалы отбасылардың балаларына берілетін 5 мың грант конкурсы 5-10 тамыз аралығында өтпек. Осы ретте, бүгінгі күні грант қаражаты трансферт арқылы жергілікті әкімдіктерге берілу үстінде. Атаулы бастама аясында өңірімізге 100 грант бөлініп отыр. Шілде айының 24-і күні облыс әкімдігінде гранттарды бөлу жөнінде комиссия құрылып, аймаққа қажетті мамандықтарды сұрыптау жұмыс сатысында, - дейді бастамаға жауаптылар.

"Қазіргі таңда комссия отырысында гранттарды жеңіп алуға үміткер ретінде тіркелген ЖОО тізімі анықталды. Олар М:Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ , Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық университеті мен С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті", - дейді  БҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова.

Аталмыш грантқа ие болу үшін үміткерлер ең алдымен жылдағыдай негізгі 53 мыңға жуық грантқа республикалық конкурсқа 21-31 шілде аралығында қатысып, бағын сынайды. Сол жалпы конкурс бойынша грантқа ие болмаған көпбалалы отбасыдан шыққан және атаулы көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген 5 мың грантқа нысаналы гранттар алу үшін тамыздың 5-10 аралығындағы келесі конкурсқа тапсыру үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады. Бұл арада әкімдіктер гранттарды ҰБТ баллына және грант санына қарай тағайындайды және жеңімпаздардың тізімін жергілікті БАҚ-та жарияламақ.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.