Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өлкеміздегі маңдай алды оқу орындарының бірінде "Ерлікке тағзым" атты патриоттық әндерден республикалық байқау бастау алды

c 00:00, 04/05/2015 c 607

0:00 / 0:00

Ұлы жеңістің 70 жылдығына орайластырылған шараға Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларынан өңірімізге атбасын тіреген үміткерлер екі күн бойына сынға түсіп, әділ қазылар алқасына өз өнерлерін көрсететін болады. Әскери патриоттық ән шығармашылығымен жүйелі таныстыру мақсатында өткізілген осынау байқау, жас санаға патриоттық рух дарытып, ата-бабаларымыздың жасаған ерлігіне тағзым етуге мүмкіндік тудырып отыр. Ел жастары арасында шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған байқауға барлығы 59 үміткер қатысты.Байқауға қатысушыларды бағалау жүйесі 4 шарттан құралған. Алдымен өнерпаздардың орындалатын әндерінің тақырыптық мазмұнының сәйкестігі, сахна мәдениеті, музыкалық өңдеу және орындау шеберлігі бағаланбақ. Ал баға беретін, Әділ қазылар алқасының мүшелері жиын барысында сөз сөйлеп қана қоймай, сондай-ақ өз өнерлерін көрермен назарына паш етті. Байқағанымыздай байқауға қатысушылардың вокалдық өнерлерінің деңгейі әр қалай. Араларында облыстық филармонияның қызметкерлерімен қатар мектеп оқушылары да сынға түсуде. Әдеттегідей әділ қазылардың шығарған қортындысы бойынша жеңімпаздар лауреат атағын иемденіп, ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.