Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқу жылына жаңа қадаммен

c 17:30, 02/09/2019 c 733

0:00 / 0:00

1 қыркүйек - білім күні тек орта мектептерде ғана емес, ЖОО-на да кеңінен аталып өтті. Мәселен, ғасырға жуық тарихы бар, аймағымыздағы маңдайалды қасиетті қарашаңырақ М. Өтемісов атындағы БҚМУ-і биыл да өз түлектерін құшақ жая қарсы алды. Ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін күнделікті жұмыс барысына арқау еткен қасиетті білім ордасы биыл - 1700 студентті қа­былдады. Бүгінге дейін университет мыңдаған жанның бағын ашты. Қазір 5 мыңнан аса студент университет қабырғасында білім алуда. Олардың қатарына дипломға дейінгі білім беру, магистратура, докторантура саласында оқып жүргендердің барлығы кіреді. Бұл еліміздегі педагогикалық бағытта кадр дайындау ісінде оқ бойы озық тұрған ең көрнекті білім ордаларының бірі.ЖОО-н бітірген түлектер еңбек нарығында өз орындарын таба білді. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, білім ордасын бітірушілердің 80 пайызы бүгінде жұмыспен қамтылған. Бүгінде  университетке батыс өңірлерден бөлек, оңтүстік аймақтардан да келіп білім алушылар саны аз емес.
Батыр атындағы іргелі оқу ордасында қазір 75 мамандық бойынша кадр даярланады. Соңғы жылдары оқу процессінде шетел оқу орындарының да тәжрибесі сынақтан өткізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.