Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста 99 000 шаршы метр жерге баспана салынады

c 17:03, 14/04/2022 c 459

0:00 / 0:00

Биыл облыста бой көтеретін тұрғын үй көлемі 99 мың шаршы метрді құрайды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация алаңының баспасөз алаңында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев мәлімдеді.Құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтың айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауына қарамастан өңірде бұл салада ешқандай кідіріс жоқ. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыстар жоспар бойынша атқарылуда. Негізінен бұл салада баспанаға басым бағыт берілетіні сөзсіз. Биыл аудандардағы тұрғынжайлар құрылысына басымдық беріліп отыр. Яғни елдімекендерде жыл соңына дейін өзіміз де күнделікті көріп жүргеніміздей, әсем де, сәулетті жарқыраған жаңа үйлер кешені бой көтереді.
Облыста көктемгі су тасқыны кезінде 200-ге жуық баспананың қирап қалғаны аян. Жергілікті уәкілетті орган өкілдеріне жаңа үйлердің жобалары ұсынылыпты. Қазір барлығы 11 көп қабатты үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, жыл соңына дейін соның алтауы пайдалаунға беріледі деп жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.