Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ММА-дің мықтылары анықталды

c 17:36, 16/09/2019 c 672

0:00 / 0:00

Орал қаласының қала күні мерекесінің аясында 14-қыркүйегінде «Мұз спорт сарайында» кәсіпқой аралас жекпе-жектен халықаралық «OCTAGON GLOBAL-2» турнирі өтті. Турнирге Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр түкпірінен жекпе-жек майталмандары қатысып, өз араларынан ең мықтыны анықтады. Халықаралық турнирдің басталуына бір-ақ күн қалғанда, спортышылар Сити-Центр ойын-сауық кешеніненде ұйымдастырлған салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ұзақ дайындықтан шыныққан спортшылар өз қарсыластарын да біраз зерделенгені анық. Көпшілігі бір-бірін алғаш рет көрді. Оларды қолдауға келген жанкүйерлердің  саны көз тойдырады. Бұл тағы бір мәрте Қазақстанда ММА өте танымал екенін дәлелдегендей.

Елдің абыройын арқалаған сайдың тасындай іріктелген спортшыларға жанкүйер болғандардың қарасы қалың. Олардың көбі - Орал жұртшылығы екені анық.

ММА жекпе-жегінде бокс, дзюдо, самбо сынды бірнеше спорт түрлері қолданылады. Бұл жекпе-жектер ережесіз аталғанымен, осы спорт түрінің құлашы кең. Сонымен қатар, сегізбұрышқа Аслан Өтеғалиев, Сұлтанбек Меңдібаев, Виталий Железнов, Евгений Назаров, Жігер Жұмашев сынды оралдық файтерлер де шығып ел намысын қорғады.Басты жекпе-жекте Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, аралас жекпе-жек алаңында жеңіліс тауып көрмеген, OCTAGON лигасының қазіргі таңдағы 56,7 салмақ дәрежесіндегі чемпионы Алтынбек Мағаз, жеңілмеген проспект, алматылық Азат Мақсұмға қарсы өзінің чемпиондық титулын қорғады. Жеңіс Алматылық спортшыға бұйырды.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.