Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мирастың ерлігі

c 17:29, 06/03/2019 c 984

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында қызыл жалыннан екі адамды құтқарған мектеп оқушысы марапатталды. Ол тұрғын үй өртке оранған тұста, өрттен кішкентай бала мен ересек адамды құтқарған. Оқиға ақпанның 22 сі күні Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында орын алыпты.

Бұл, 11 сыныптың оқушысы- Мирас Жүнісов. Бір қарағанда жеткіншек өзге оқушылардан еш айырмашылығы жоқтай. Бірақ, бұл бозбала қызыл жалынға оранған үйден еш қаймықтай, екі адамды құтқарған -бүгінгі күннің батыры. Оқиға ақпанның 22-сі күні Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында орын алған. Мирас көрші үйдің өртке оранғандығын көріп, оларға хабарлау үшін оқиға орынына барады.

Тілсіз жаудан адам өмірін аман сақтап қалған бозбала бұл ерлігі үшін "Өртке көрсеткен қайсарлығы" үшін деген арнайы медальмен марапатталды. Сондай-ақ, оның анасы арнайы министрдің наградасына ие болды.

Тілсіз жаудан қаймықпаған бозбаланың ерлігі бүгін де көпке үлгі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.