Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Министрлер сөз естіді

c 18:34, 09/10/2019 c 618

0:00 / 0:00

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдауда, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннен бюджет қаражатын дұрыс жоспарламағаны үшін сөз естімеген министр қалмады. 3 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 94,9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Шығыстардың  көлемі 94,9 млрд теңгеге артты. Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың баяндауынша, әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік блоктың шығыстары 6,7 млрд теңгеге өсті. Ал мәжіліс депутаттары өз тарапынан жылда қайталатын қазына қаржысын тиімсіз игерген министрлік басшыларына жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Бірінші басшыларға айыппұл салу көзделіп отыр.

Парламент Мәжілісіне премьер-минситрдің орынбасарлары бастаған, министрлер кабинеті түгел келіпті. Басты қаржы құжатын талқылау қызу өтті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де бұл отырысқа  әбден дайындалған екен. Әсіресе экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке спикердің соққысы қатты тиді. Депутаттар сумен қамту жүйелерін салу және қалпына келтіруге бөлінген қаржының елу пайызға қысқарғаны алаңдаулы.  Бас эколог жобалық-сметалық құжаттар дайын болмағандықтан, осындай шешім қабылданғанын айтып ақталды. Алайда, министрдің жауабы палата төрағасына ұнамай қалды. Мырзағалиевке өз қызметіне кәсіби тұрғыда қарауға кеңес беріп, ұрсып тастады.

Бюджет бағдарламалырының дұрыс орындамай жатқандар тізімінде білім минситрлігі де бар екен.  «Жас маман» жобасы жастар жылы бітіп жатқан жылдың соңы болса да дайын емес. Құжатты дайындау мен келісу рәсімі 9 айға созылған. Мәжіліс төрағасы білім министрі Асхат Аймағамбетовке 9 айда бала туатынын еске салды.

Спикердің соққысы мәдениет министрлігіне де оңбай тиді. Министрлік тарихи-мәдени мұраларды қалпына келтіру, ескерткіштер орнату жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 100 млн теңге сұраған еді. Алайда, мәдениет министрлігі бұл шаруаны сырттан адам шақырып жүзеге асырмақшы болған. Бұл Нығматулиннің ашуын келтірді. Таяқтың шеті мәдениет вице-министрі Елдос Рамазановқа тиді.

Министрлерді әбден сынаған депутаттар ююджет қаражатын тиімсіз жұмсауға, дұрыс жоспарламауға жол бермеу үшін Әкімшілік кодекске өзгеріс енгізуді ұсынды. Қазына қаржысын тиімсіз жұмсағаны үшін бірінші басшыларға айыппұл салу көзделіп отыр.

Айтып- айтпай не керек, депутаттар бәрібір жобаны мақұлдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.