Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мен іздеген қазына"

c 18:50, 16/08/2018 c 1833

0:00 / 0:00

“Мен іздеген қазына!" Осындай атаумен жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті. Жыр жинақта “Спорт жұлдыздары” республикалық журналының бас редакторы, Қазақ спорт және туризм академиясының құрметті профессоры Мұсағали Тасқалиевтің шығармалары жинақталған.

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияда ақын Мұсағали Тасқалиевтің "Мен іздеген қазына атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Мұсағали Тасқалиев 1970 жылы 3 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы ,Қазталов ауданы,Талдыапан ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын әдеби қызметкер болып бастаған қызметінде тілші,редактордың орынбасары болып,23 жасында аудандық Жалпақтал өңірі газетінің бас редакторы болып тағайындалды.Кейін Ақтөбе қаласына қоныс аударып Ақтөбе бойынша газеттердің меншікті тілшісі болып жемісті еңбек етті.

Ақын өлең жолдарын жеті жастан бастап жаза бастағанын жеткізді. Өлеңдерінің басым көпшілігі махаббат,жер,отан турасында өрбиді. Жинақта ақын өлеңдері жинақталды. Айта кетерлік, ақынның 18 туындысына ән жазылған.Шара барысында ақынның әндері шырқалып,өлеңдері оқылды.

Шара соңында,ақын Мұсағали Тасқалиев шараның ойдағыдай өткенін айтып,осындай маңызды сәтте қолдау білдірген барша жандарға алғысын білдірді.Әсіресе,ақын қолдау білдіріп,демеушілік көрсеткен ӨЖК СЕРІК ЖШС -нің директоры Мерғалиев Серік Роланұлына алғысын жеткізіп,құрмет төс белгісімен марапаттад

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.