Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектеп құрылысы

c 17:07, 14/07/2020 c 825

0:00 / 0:00

БҚО-да үш аусымда оқытатын 7 мектеп бар. Сонымен қатар қабырғасы сөгіліп, қыста іші сұп-суық болып, оқушылардың өміріне қауіп төндіретін тағы 7 білім ошағы апатты жағдайда. Ал балалар осы ғимараттарда білім алуға мәжбүр. Оқушылардың оқуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 5 мектептің құрылысы басталған. Қазіргі таңда Ақжайық ауданы Чапаев ауылында мектеп-интернаттың құрылысы аяқталып, әрлеу жұмыстары басталыпты. Облыс орталығындағы №51 мектепті салып жатқан құрылысшылар да әрлеу мен аббаттандыруға кіріскен.

Мектептің құрылысы үшін қазынадан 1,7 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Мердігер компания білім нысанының құрылысын 2021 жылдың ақпанында аяқтауы керек. Бірақ мамандар биыл қыркүйекте табыстаймыз,-дейді. Қазіргі таңда ғимаратта әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

БҚО үш ауысымда оқытатын 7 және апатты деп танылған тағы осынша мектеп бар. Қазіргі таңда оқушылардың өміріне қауіп төндіретін білім ошақтарының санын азайту мақсатында облыста 5 мектептің құрылысы басталған.

2020 жылы Орал қаласында екі жекеменшік мектептің құрылысы басталмақ. Олардың бірі Зашаған кентінде орналасқан №52 мектеп, енді бірі апатты деп танылған №31 мектептің орнына жаңадан 500 орындық білім нысаны бой түземек. Қазіргі таңда жер телімдері беріліп, құрылыс жұмыстарына дайындық басталыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.