Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мәслихат сессиясы

c 18:06, 18/09/2020 c 489

0:00 / 0:00

Шаһар басшысы Абат Шыныбеков қалалық мәслихат депутаттарының алдында 2020 жылдың 8 айында атқарған жұмыс бойынша есеп берді. Қала әкімі 8 айы бойғы жұмыстарын баяндап, қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды. Оралдықтар үшін қордаланған мәселенің бірі -жол. Тақтайдай жол төсеу жұмыстары бірнеше жылдан бері қарқынды жүріп жатыр. Биыл 55 көшенің 61 шақырым жолы жөнделуде.

Қала әкімі Абат Шыныбеков 8 айда атқарған жұмыстары бойынша мәслихат депуттатарының алдында есеп берді. Шаһар басшысының баяндамасында түрлі сала қамтылған. Абат Шыныбеков Әсіресе, оралдықтарды толғандыратын жол салу мәселесіне де тоқталды. Биыл облыс орталығының көшелеріне жол салу үшін 9,3 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Қыруар қаржыға 55 көшенің жолы жөнделіп аяқталмақ. Қала әкімі жөнделген жолдардың бойына сауда нүктелерін қою туралы мәселеге тоқталған болатын.

Жолдан бөлек биыл облыс орталығында "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында 8 көп пәтерлі тұрғын үйдің кілті азаматтарға табысталмақ. Мемлекеттік бағдарламаны орындау үшін қазынадан 18,9 млрд теңгедей қаражат бөлініп отыр. 2 үй кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Бұдан бөлек "Ақжайық" ауданындағы екі кварталдың жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Жалпы Орал қаласында бүгінгі таңда мемлекеттік бюджет есебінен 16 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.