Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

М. Мөңкелұлы көшесіндегі қозғалыс бір бағытқа өзгерді

c 17:38, 25/01/2021 c 288

0:00 / 0:00

Оралдағы Мөңкеұлы көшесінің бойындағы жолда көлік қозғалысы бір бағытқа өзгертілді. Қалалық әкімдік пен БҚО ПД мамандарының хабарлауынша, аталмыш шара осы көшедегі жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін қолға алынған. Айта кеткен жөн, облыста «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында үш күнде автобус жүргізушілерінің 271 құқықбұзушылыққа жол бергені анықталыпты.Зашаған кенті аумағындағы М.Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақ маңындағы автомобиль жолдарының қауіпсіздігін алдын алу мақсатында жолдағы қозғалыс бір бағыттық болып өзгертілді. Осылайша бұл ауданда халықтың көптігі мен әлеуметтік нысандар оның ішінде емхана, мектеп-балабақша, сауда нысандары бір аумақта шоғырлануы себепті сақтық шаралары қолға алынып отыр.Қозғалыстың бір бағытқа өзгертілуін тұрғындар игі бастама деп санайды.Облыста «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 56 жүргізуші бұрылу ережесін бұзған. Жеті жүргізуші жылдамдықты шектен тыс арттырса, 11-і техникалық байқаудан өтпеген. Сонымен қатар, автобус парктерінің лауазымды қызметкерлері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер арасында тәртіпті нығайту мақсатында 20-22 қаңтар аралығында республика аумағында өткізілген «Автобус» іс-шарасы кезінде жергілікті орындарда бірлескен мобильді топтар құрылып, жұмыс істеді. Рейдтік тексерулер барысында жолаушыларды жасырын тасымалдаумен айналысқан 7 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабына сәйкес хаттама толтырылыпты. Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін Мөңкеұлы көшесі бойында бірнеше ауыр деңгейдегі жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бірнеше адам оқиға орынында көз жұмған еді.Рейдік шаралар алдағы уақытта тағы да жалғасын табатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.