Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Қытай қазақтарының мәселесі

c 18:24, 19/11/2019 c 552

0:00 / 0:00

Қытайдағы қазақтардың  басына түскен қара бұлт сейілер емес. Қытайдағы саяси лагерьге түскен қазақтардың туғандары ел билігінен, халықаралық ұйымдардан көмек сұрайды.  Жүздеген қандасымыз сол елдің саяси лагеріне қамалып, оларға әртүрлі себептермен жала жабылып жатқаны айтылып келеді. Тіпті Қазақстанға көшіп, келіп, осы елде азаматтық алғандардың өзін әртүрлі сылтаумен Қытайға шақырып алып, қамауға алған деректер бар. Бұл мәселе бүгін елордада өткен баспасөз маслихатында  айтылды.

Қытайда 1,5 миллионнан аса қазақ тұрады. Алтай-Тарбағатай-Іле  қазақтары тұратын аймақ-  Шыңжаң өлкесінде қоныстанған. Ендігі екі жылдан бері осы аймақтағы қазақтардың құқы тапталып жатыр деген мәлімет тарауда. Қандастарымыздың жанайқайын жеткізіп, қазақ билігінен және халықаралық адам құқын қорғау ұйымдарынан көмек сұраған белсенділер мен олардың туған -туыстары тағы да баспасөз маслихатын өткізді. Саяси лагерьде отырып шыққан Мұратхан Айдарханұлы Қазақстаннан Қытайға шақырумен барып, бірден қамалған.    Ал лагерьдегі көрген сорақылықты ауызбен айтып еткізу мүмкін емес

Ал Гүлбарам апайдың 24 жасар бауыры Азаматты бала күнінде екі ай діни білім алғаны үшін  қамауға алған.

Жақында қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін біздің елде қамауға алынған аға-інілі Қастер мен Мұрагерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оларды Қазақстан сотының шешімі күтіп тұр. Қорғаушылары Ләззат Ахаттың айтуынша, ағайындылар Қытайдан лагерьге түспеу үшін қашып келген.

2017 ж Қытайда 500 мың қазақ сотталған. Қазір оның саны одан да көп болуы мүмкін дейді белсенділер. Айта кету керек, Қытайдағы қазақтардың мәселесі «Ақ жол» партиясының да назарында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.